Жасөспірім қызға тиіскен Курьер: Ақтау қаласының полициясы жағдайға қалай әрекет етті?

Рубрики

Жалғыз тәрбиелеп отырған 4, 6 және 15 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің анасы тілшілерге шағымданған. Отбасы 17-шағын аудандағы «Green Plaza» тұрғын үй кешенінде тұрады. Күні бойы жұмыстан қол босамайтын әйел көп жағдайда тамақты үйге тапсырыспен алдырады.

Осы сенбі, 20 қаңтар әдеттегіше азық-түлік жеткізу қызметтерінің біріне жүгініп, гамбурге тапсырыс берген. Сәлден соң 15 жасар үлкен қызы оған жылап хабарласқан. Сіңлісі мен інісі екеуі мультфильм көріп отырған сәтте есіктің ашылғанын естіген. «Анам келді» деп қуанған балалар пәтерге есікті қақпай жымиып кіріп келген курьерді көреді. Кіреберісте бейнебақылау камералары орнатылғандықтан, кейде отбасы есікті құлыптамайды.

— Тамақ жеткізуші үйде үлкен адамның жоқтығын байқаған. Артынша үлкен қызыммен танысып, қолынан ұстай бастаған. Шошынған қызым курьерді пәтерден итеріп шығып, есікті тез жауып үлгерген. Үйге таксимен келе жатқан жолда жеткізу қызметінің қолдау қызметіне мән-жайды түсіндіріп жаздым. Сол кезде сол әлгі тамақ жеткізуші үлкен қызым осы телефон нөмірі арқылы тапсырыс берді деп ойлап, менімен танысу мақсатында WhatsApp мессенджері арқылы хабарламалар жібере бастады. Бірақ телефонның маған тиесілі екенін білген бойда мені бірден бұғаттап тастады», — дейді әйел.

Әйел полиция шақырып, үйге учаскелік полиция қызметкері келген. Дәл осы уақытта сол азық-түлік жеткізушісі анасының телефонына қайта қоңырау шалған, себебі азық-түлік жеткізу қызметі оның үстінен шағым түсіретінін айтқан. Учаскелік полиция қызметкері азық-түлік жеткізушіге 13-шағын аудандағы полицияның бақылау пунктіне келуін айтты.

«Жеткізуші ер адам полицияға болған оқиға туралы өз нұсқасын айтқан: ол есікті қағып, есікті бір қыз ашқанын және оған тапсырысты беріп, кетіп қалғанын жеткізді. Курьер арызда айтылғанның бәрін жоққа шығарды.Қыздың анасы «Мен мұны кешіргім келмейді», — дейді.

Кейінірек белгілі болғандай курьер ретінде сол жеткізушінің үлкен ағасы тіркелген. Ал тапсырысты қабылдаған жас жігіт, шын мәнінде, бұл компанияда ресми түрде жұмыс істемейді.

Біраз уақыттан кейін ювеналды полиция қызметкері қолдау пунктіне келіп, арыз қабылданатынын айтқан, алайда курьер қызға жыныстық тиіспегендіктен қылмыстық іс қозғалимайды. Ал кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық бабы бұл жағдайда қолданыла алмайды.

Нәтижесінде, учаскелік полиция қызметкері қыздың анасына курьердің үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша хаттама толтырылуы мүмкін екенін, одан басқа ештеңе жоқ екенін жеткізген.

Әйел прокуратураға хабарласып, бұл іспен ары қарай күреспекші.

Облыстық полиция департаменті азық-түлік жеткізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша хаттама толтырылғанын ресми хабарлады. Бұл бап бойынша ескерту жасау немесе бес АЕК (18 460 теңге) мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған.

Facebook
Twitter
Telegram
WhatsApp

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *