Актау, KZ
-3°C

Жаңаөзенде мұз айдынының құрылысы аяқталуға таяу

Рубрики

Жаңаөзен тарихындағы алғашқы мұз айдыны спорт кешенінің құрылысы аяқталуда, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спорттық нысан Жалын шағынауданында орналасқан.

Спорттық нысан алдағы уақытта Жаңаөзенде қысқы спорт түрлерінің дамуына үлкен серпін беріп, жастардың сүйікті демалыс орнына айналмақ. Жан-жақты жарақтандырылған спорт кешенінде жыл бойы хоккей, мәнерлеп сырғанау сынды олимпиадалық спорт түрлері бойынша жаттығуға болады.

Жаңаөзен қаласы әкімі Айбек Қосуақов спорттық нысанның құрылысымен танысып, тиісті тұлғаларға бірқатар тапсырма жүктеді.

Facebook
Twitter
Telegram
WhatsApp

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.