ІІМ «Жүгір немесе өлесің» ойыны туралы таралған ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Әлеуметтік желілерде «Жүгір немесе өлесің» сияқты жасөспірімдердің қауіпті ойындары туралы бейнежазбалар таратылып жатыр.
«Бүгінгі күні біздің елімізде мұндай деректер тіркелген жоқ», — делінген хабарламада.
Жалпы биылғы 9 айда елімізде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 2,5 мыңнан аса жол-көлік оқиғасы болып, онда 200-ден аса бала қаза тауып, 3 мыңға жуық бала жарақат алған.