ТЖД: Жаңа жыл мерекесін тойлауда өрт қауіпсіздігін сақтау маңызды

Рубрики

Маңғыстауда облыстық ТЖ департаменті жаңа жылдық іс-шараларды өткізетін 40 нысанды есепке алды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығының ұйымдастыруымен көшпелі брифингте
Маңғыстау облысы Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Арман Теңел хабарлайды.

Спикердің айтуынша, тұрғындар мен ұйымдар арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстары кешенді ұйымдастырылды. Сондай-ақ, қалалар мен аудандарда жаңа жылдық іс-шаралар өткізілетін орындарда офицерлер құрамынан кезекшілікпен жедел топтар құрылды.

— Аталған ескертпеге байланысты, кәсіпкерлер және қызметкерлермен 47 нұсқаулық өткізілді, онда 400-ден астам үгіт-насихат материалдары таратылды. Адамдар көп жиналатын объектілерде жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша бейнероликтер тәулік бойы көрсетіледі. Ал шыршалардың жануын және электр жарығының тұйықталуын алдын алу және болдырмау мақсатында арнайы ережелер ұсынылады. Шырақтарды және шартылдақтарды қолдану, отшашулар және өртке әкелуі мүмкін басқа да жарықтық өрт қауіпті эффекттерді ұйымдастыруға жол берілмейді. Онымен қоса, от жағу бояу және басқа да жарылыс, өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге болмайды. Қолдан жасалған электр гирляндаларымен жарық-музыка қондырғыларын, электр-музыка аппаратураларын және шыршаларды айналдыруға арналған құрылғыларды қолдану шырша гирляндаларының жыпылықтау эффектерін жасауға тыйым салынады,- деді Арман Теңел.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шараларды ұйымдастырушыларға терезелерінде торлары жоқ кемінде екі эвакуациялық шығу жолымен қамтамасыз етілген үй-жайларды пайдалану, сахнада және зал үй-жайларында өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдардың кезекшіліктерін ұйымдастыру, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету және т.б. туралы еске саламыз.

Айта кетейік, жаңа жылдық іс-шаралар кезеңінде өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша қосымша кеңестер қажет болған жағдайда Департаментке 43-00-38, 701-719, 701-726 нөмірлері бойынша жүгіне аласыз.

Facebook
Twitter
Telegram
WhatsApp

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *