Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату туралы: Түзетулер жақын арада қабылданады

Рубрики

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысын өткізді. Президент Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды қолдайтынын айтып, жақын арада Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізілетінін айтты, — деп хабарлайды. Қасым-Жомарт Тоқаевтің айтуынша, бұл жерде алдын алу жұмыстарының маңызы жедел әрекет ету және әділ жазасын беру ісінен кем емес.

«Өздеріңізге мәлім, бұған дейін мұндай қылмыстар үшін жауапкершілікті күшейтуді қолдайтынымды айтқан едім. Қылмыстық кодекске енгізілген тиісті түзетулер жақын арада қабылданады. Ішкі істер министрлігі өз қызметкерлерін жаңа жұмыс тәсіліне көшуге алдын ала дайындауы керек. Құқық қолдану тәжірибесіндегі бұған дейін болған барлық мәселені ескеру қажет. Бұдан бөлек, кәмелетке толмаған азаматтардың құқығын қорғау жүйесін жаңғырту – өте өзекті мәселе. Үкімет азаматтық қоғам институттары мен сарапшыларды тарта отырып, бұл жұмысқа мұқият қарауы керек», – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, полицияның сервистік моделінің негізгі қағидаттарын іс жүзінде жүзеге асыру қажет. Бұл, ең алдымен, қоғамның талап-тілегіне құлақ асып, шұғыл әрекет ете білу деген сөз.

«Халыққа ынтымақтастықтың өзара тиімді формасын ұсынып, кері байланыстың оңтайлы жолдарын реттеу маңызды. Бастамашыл және заңға қайшы әрекеттерге бей-жай қарамайтын азаматтарға арқа сүйеу құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатының іс жүзінде сақталуына мүмкіндік беретініне сенімдімін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетелік, 2023 жылы Қазақстанда 69 әйел мен 7 бала тұрмыстық зорлық зомбылықтан қаза тапты. Бір жыл ішінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 99 мыңнан астам өтініш келіп түсті, балаларға қарсы 2452 қылмыс жасалды.

Бұл туралы Парламент Сенатының депутаты Жанна Асанова мәлімдеді.

Facebook
Twitter
Telegram
WhatsApp

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *