Актау, KZ
3°C

Тоқаев Назарбаевқа көңіл айтты

Рубрики

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі — баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жерлеуге қатыспайды», — деді Берік Уәли.

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев 71 жасына қараған шағында қайтыс болғаны хабарланған еді.

Facebook
Twitter
Telegram
WhatsApp

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.