Актау, KZ
3°C

Талдықорған полициясының басшысы қыз зорлады деген күдікпен ұсталды

Рубрики

Талдықорған Полиция басқармасының бастығы ұсталды. Ол 27 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды Caspiantoday.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиғаны облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Талдықорған қалалық полициясының бастығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 2-бөлігі («Адам қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау») бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады Жетісу облыстық Полиция департаменті.

Мән-жай соталды тергеп-тексеру шеңберінде қажетті сараптамалар тағайындалып, зерделенеді.

Қылмыстық іс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды.

Facebook
Twitter
Telegram
WhatsApp

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.