Желіде Ұлттық ұланның киімін киген әскериді белгісіз біреудің ұрып-соққаны түсірілген видео тарады.
Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығы «Әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастың жарғылық ережелерін бұзу» бойынша тергеу басталғанын хабарлады.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.