Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызметтерді алу кезінде сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықтың алдын алу туралы айтылды

Рубрики

Мемлекеттік қызметтерді алу үрдістерін барыншы жеңілдету «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюдың ең тиімді жолы болып табылады.

 Осылайша, алдағы 7 жылда процестерді жеңілдету бойынша келесі міндеттер қойылды: адами факторды толығымен және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге кететін уақытты қысқарту, барлық мемелекеттік қызметтердің кемінде 90% -ын электрондық форматта көрсету, халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған мемлекеттік қызметтердің кем дегенде 50%-ын проактивты форматқа көшіру.

Сонымен бірге, мемлекеттік қызметтерді алу процесін жеңілдету үшін халық арасында кең танымалдылыққа ие болған бірқатар цифрлық шешімдер енгізілді. Мысалы, әртүрлі мобильді қосымшаларда цифрлық құжаттардың қолжетімді болуы. Бұл сыбайлас жемқорлық факторларының бірі болып табылатын бюрократияны жоюдың тиімді құралы екендігін көрсетті. Тағы бір жолы халықтың өтініштеріне жедел жауап беру.

Естеріңізге сала кетейік, егер Сізде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық немесе мемлекеттік қызметтерді алу процесінде этика нормаларын бұзу  фактілері туралы ақпарат болса, дереу 1414 нөміріне хабарласыңыз.

Facebook
Twitter
Telegram
WhatsApp

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *