Маңғыстаулық «Нұр-Шах» бренді Париждегі сән апталығында сәтті өнер көрсетті

Рубрики

Маңғыстаулық дизайнер Нұржамал Нұрпейісова Fashion week haute couture Paris 2024 жоғары сән апталығына қатысты. Онда шетелдіктерге әйгілі «Нұр- Шах» брендінің қазақы нақыштағы киімдері көрсетілді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

La Galerie Bourbon Эйфель мұнарасының жанында орналасқан. Нұржамал Нұрпейісова instagram парақшасында өз пікірімен бөлісті.

— Алайқай, біз Парижге жеттік. Бұл шараға алғаш қатысуымыз. Біз туралы madame Figaro Paris, Elle, Хабар KZ жаңалықтарында және Vogue, L’officiel, Marie Claire, HARPER’S Bazar n баспасөз бетінде жарияланды. Бізді қолдаған жандарға мың алғыс!,-деді дизайнер.

Ал желі қолданушылары «өрісіңіз кеңейсін», «биіктен көріне беріңіз», «құтты болсын!» деген секілді ізгі тілектерін жаудырды.513:32

Facebook
Twitter
Telegram
WhatsApp

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *