Актау, KZ
-3°C

Маңғыстауда көктемгі шекара қызметін жинақтауға азаматтар іріктелуде

Рубрики

2024 жылдың 10 қаңтар мен 10 наурыз аралығында Маңғыстау облысының әскери басқару органдарында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдерімен, 2024 жылдың көктемгі шекара қызметін жинақтау үшін, әскерге шақырылатын азаматтарды алдын ала зерделеу және іріктеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік Комитет, Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің кадрлар бөлімінің аға офицері Батыр Батырбеков хабарлады.

Спикердің айтуынша, Қарулы күштерді және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қажетті санда жасақтау үшін 18 бен 27 жасқа дейінгі әскерге шақыртуды кейінге қалдыру немесе одан босатылу құқығы жоқ азаматтар мерзімді әскери қызметке шақыртылады. Сонымен қатар спикер мерзімді әскери қызметтің артықшылықтарын да атап өтті.

— Іріктелген әрбір үміткер оқу-жаттығу үрдісі аяқталғаннан кейін, мерзімді әскери қызметін Маңғыстау облысында, яғни тұрғылықты мекен-жайы бойынша атқара алады. Алынған несиелерді төлеуді кейінге қалдыру да қарастырылған. Айта кетсек, 2023 жылы Қазақстанда 5 мыңнан астам сарбаз 1,8 миллиард теңге сомасына кредиттік демалыс алды. Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары есебінен мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерісіз жеңілдікті  негізде жоғары білім алу үшін білім беру жеңілдіктерін беру ұсынылды,-деді Батыр Батырбеков.

Сонымен қатар брифинг барысында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде жыл сайын 250-ге жуық азамат әскерге шақырылатыны айтылды. Әскерге шақырылушылардың 50% өз еркімен бірінші айлық жалақысы 250 мың теңгені құрайтын келісімшарт бойынша әскери қызметке қалады.

Маңғыстау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мерзімді әскери қызметке шақыру бөлім бастығы Талғат Сарбасов азаматтар әскери бөлімдерге келісімшарт бойынша жұмысқа орналасуды қалайтын болса, орта арнаулы және жоғары білімі барлары 6 ай ішінде мерзімді қызметтен өтіп, содан кейін келісімшарт жасайтынын айтады. Сондай-ақ келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін облыс аумағында пәтерді жалға алу үшін лайықты жалақы мен тұрғын үй төлемдерін ала отырып, қызметін жалғастырады. Жоғары білімі жоқ азаматтарға университетке ҰБТ-сыз түсуге мүмкіндік беріледі. Демобилизациядан кейін ақылы негізде мерзімді қызметтің әрбір әскери қызметкері оқи алады. Ал үздік сарбаздарға тіпті ЖОО есебінен гранттар бөлінетін болады. Тегін жоғары білім алуға үміткерлер армияда қызмет ету кезеңінде жинаған ұпайлар саны бойынша анықталады. Келісімге 40-тан астам университеттің басшылары қол қойған. Жыл сайын үш мың жеңілдікті орын беріледі.

— Жергілікті әскери басқару органдарында алдын ала зерделеу жөніндегі іс-шаралар шеңберінде әскерге шақыру құрамының электрондық дерекқорына (ЭБД) өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. ЭДҚ тіркеу барысында алынған әскерге шақырылушылар туралы мәліметтерді қамтиды. Көбінесе жас жігіттер байланыс телефондарын, тұрғылықты мекен-жайларын ауыстырады. Маңғыстау облысының 18 бен 27 жас аралығындағы жасөспірімдеріне жеке іс мәліметтерін өзектендіру үшін тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органына келуді сұраймыз,- деді Талғат Сарбасов.

Анықтама телефондары:
— 319180; — 87054123701.
Телеграм арнасы: МОВУ.

Facebook
Twitter
Telegram
WhatsApp

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.