Актау, KZ
25°C

Маңғыстауда есірткі қылмысына қарсы күрес шаралары талқыланды

Рубрики

2024 жылдың 28 қаңтарында өңір басшысы Нұрлан Ноғаев азаматтық белсенділермен кездесті. Жиынға қатысқандар есірткінің адам денсаулығына кері әсері мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы талқылады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға келгендер өңірде есірткі, психотроптық және күшті әсер ететін заттардың медициналық емес мақсатта тұтынылуы мен заңсыз айналымда жүруі өткір мәселе екенін айтты.

Нұрлан Ноғаев есірткі мен психотроптық заттарға сұраныстың артуы, оның өндірісі мен таралуының кең етек алуы сияқты жаһандық проблемаға әкелетініне тоқталып өтті. Бұл кезегінде миллиондаған адамдардың, әсіресе жастардың әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылығына, денсаулығы мен әл-ауқатына зор қауіп төндірмек.

«Маңғыстау облысы ықылым заманнан дәстүрлерімізге ерекше құрметпен қарайды. Бұның мысалы ретінде алкоголь өнімдерін сатудан мүлдем бас тартқан ауылды алуға болады, нәтиежесінде бұл ауылда қазір қылмыстың төмен деңгейі қалыптасқан. Алайда, жалпы аймақ бойынша біз алаңдатарлық тенденцияны байқап отырмыз. Есірткі қылмысына қатысты жағдай нашарлауда. Мен медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне және экономикалық тергеу департаментіне, салық қызметіне, полицияға және ҰҚК-не есірткіге қарсы күрес шараларын күшейтуді тапсырамын» — деп қорытындылады Маңғыстау облысының әкімі.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің деректері бойынша 2023 жылы есірткіге қатысты 320 заң бұзушылық фактісі анықталды. Олардың ішінде 91 жағдай есірткі қылмысына қатысты. Дәлірек айтқанда есірткі заттарын сатудың 61 фактісі, ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сақтаудың 15 жағдайы, егіп өсірудің 6 жағдайы, есірткіні пайдалануға көндірудің 2 жағдайы, 1 есірткі притоны және контрабанданың 6 жағдайы тіркелген.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 77 кг 335 грамм есірткі, оның ішінде 68 кг 750 грамм марихуана, 130 грамм апиын, 1 кг 786 грамм гашиш және 6 кг 668 грамм синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.

Facebook
Twitter
Telegram
WhatsApp

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.