Актау, KZ
-4°C

Маңғыстауда қаржы пирамидаларға қарсы ic-қимыл жүргізілуде

Рубрики

Маңғыстау облыстық Экономикалық тергеп–тексеру департаменті қаржы пирамидаларға қарсы іс-қимыл жүргізіп келеді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті бөлім басшының міндетін атқарушы Мереке Қилыбай хабарлады.

Спикердің айтуынша, қаржы пирамидалардың басты ерекшелігі қатысушылардың ақшалай салымдары өзара бөліске түседі. Яғни салымшылардың қаражаты тауарлар мен қызметтерді өндіруге жұмсалмайды, қаражат мөлшері өзгермейді тек оны басқаратын иелері өзгереді. Мәселен, 2022 жылы Департаментпен қаржы пирамидасын ұйымдастыру фактісі бойынша келесі компанияларға қатысты 6 қылмыстық іс қозғалды: «Qubitlife», «World Business Consulting» (2 іс), «Ата-мекен 2021» ТК, «Gap» ӨК, «ЖК-OTAU KZ» ТК. Өткен 2023 жылы Департаментпен 3 қылмыстық іс тергелді: «Chia Tai Pharmaceutical», «Бай боламыз», «Капитал мечты» ЖШС.

— Қаржы мониторинг органдарының функцияларына құқық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, алдын алу функциясы да кіреді. Сонымен қатар, Департамент оқушыларға, жасөспірімдерге, жастарға арналған қаржылық сауаттылық білім беру іс-шараларын тұрақты негізде өткізеді. 2022-2023 жылдары Департамент Ақтау және Жаңаөзен қаласының орта білім беру мектептерінде, колледждерінде, Есенов университетінде, сондай-ақ облыстың шалғай аудандары мен ауылдарында қаржылық сауаттылық бойынша сабақтар өткізді. Барлығы 800-ден астам студент пен 600 оқушы қамтылды,- деді Мереке Қилыбай.

Сонымен қатар, Департамент Маңғыстау облысының діни қызметкерлерімен бірлесіп күш біріктірді. «Бекет-Ата» орталық мешітінде Маңғыстау облысы дін қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Кездесуде қаржы пирамидалары және жастар арасында лудоманияны тарату мәселелері талқыланды. Департамент уағыздар мен намаз өткізу кезінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және бірлескен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды ұсынды.

Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Шыңғыс Смағұл, Қаржы мониторинг агенттігі «АФМ – Insider» телеграм ботын іске қосылғандығын, онда кез келген экономикалық құқық бұзушылық туралы хабарлауға болатындығын айтты.

— Хабарлама қысқа мерзімде қаралады. Анонимділік пен жедел қарауға кепілдік беріледі. Одан басқа, қаражатты инвестициялау кезінде азаматтар белгілі бір компанияны қаржы пирамидаларының белгілеріне тексеру үшін Агенттік «АФМ Байқа пирамида» телеграм – ботын пайдалана алады. 2023 жылдан бастап қызметке 3511 хабарлама келіп түсті. Қаржы мониторинг агенттігімен әзірлеген бот азаматтарды қаржы пирамидаларына тартатын алаяқтардың әрекеттерінен қорғай алады. Пайдаланушыға компанияның, ұйымның сайттың сілтемесін немесе Instagram парақшасын, «В контакте», Телеграм-канал сілтемесін енгізу жеткілікті. Егер компанияда қаржылық пирамида белгілері болса және бұл сілтеме кибернадзор жүйесімен бұғатталған болса, пайдаланушыға бұл туралы дереу хабарлама жіберіледі. Егер компания инвестициялық нарықтың адал субъектісі болса, онда тиісті жауап талдаудан кейін жіберіледі. Сонымен қатар, Сізге табыс ұсынатын компанияның БИН арқылы тексеру мүмкіндігі бар. Бір аккаунттан Телеграм-мессенджерінде тәулігіне 5-тен аспайтын сұраныс хат жіберуге болады,- деп атап өтті.

Айта кетейік, басқа сұрақтар туындаған жағдайда, Маңғыстау облысы бойынша немесе 403659 телефоны бойынша ЭТТД -не хабарласуыңызды сұраймыз.

Facebook
Twitter
Telegram
WhatsApp

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.