Тамыз айының 17,18 күндері Ақтау қаласында көшбасшы әйелдерге арналған оқу бағдарламасы өтті.
Тренинг семинар Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен, «Көмек командасы» ҚҚ ұйымдастыруымен өтті.
Шараның мақсаты: Маңғыстау облысында әйелдердің саяси-әлеуметтік өмірге белсенді қатысу мүмкіндігін кеңейту мақсатында көшбасшылық дағдыларды үйрету арқылы көшбасшылық әлеуетін арттыру.
Оқу бағдарламасына конкурстық негізде іріктелген Маңғыстау облысындағы көшбасшылық 25 әйел қатысты.
Екі күндік тренингті медиа саласының белгілі өкілі, тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы, ҚР мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев, қаржы саласының маманы маманы Ұлан Дәулетқали өткізді.
Оқу бағдарламасы Қаржылық сауаттылық, Жобалық менеджмент, Шешендік өнер, Коммуникация, Жеке брендинг компоненттерінен тұрды.