Актау, KZ
32°C

«Ирина Қайратовна» мобилографының қазасы: ресми себебі расталды

Рубрики

Астананың Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері «Ирина Кайратовна» тобының концерті кезінде мерт болған 21 жастағы мобилографтың өлімінің себебін айтты, — деп хабарлайды Caspiantoday.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Басқарманың баспасөз қызметінің мәліметінше, сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша 21 жастағы мобилографтың өлімінің себебі анықталған.

«Өлімнің алдын-ала себебі «жедел геморрагиялық панкреонекроз» токсикологиялық зерттеу нәтижелерімен расталды», — деді басқарма өкілдері.

Еске салайық, «Ирина Кайратовна» тобының мобилографы 14 қазан күні Астанадағы концерт кезінде кенеттен қайтыс болды. Жас жігіт топ сахнаға шықпас бұрын көрермендердің көңілін көтеріп тұрған диджейді видеоға түсіріп жатқанда есінен танып құлап қалған.

Сахнадағы жігітке адамдар жүгіріп келіп, оны сыртқа шығара бастаған. Шамамен 30 минуттан кейін топ мүшелері сахнаға шығып, мобилографтың қайтыс болғанын хабарлады. Концерт тоқтатылды.

Желіде «Ирина Кайратовнаның» концертінде қайтыс болған мобилографтың соңғы видеосы тарады.

Facebook
Twitter
Telegram
WhatsApp

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.