Актау, KZ
25°C

Рубрики

Ақтауда бокстан Ш.Бөлтекұлын еске алуға арналған халықаралық турнир басталды

20 қыркүйек күні Ақтауда «қазақ боксының атасы» атанған Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, Маңғыстау өлкесінің тумасы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған бокстан ересектер арасында дәстүрлі ХV халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы. Жарыстың ашылу салтанатына Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жұмабаев және турнирдің қонағы бокстан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Серік Сапиев Continue reading Ақтауда бокстан Ш.Бөлтекұлын еске алуға арналған халықаралық турнир басталды

Читать далее »

Жаңаөзен қаласының 55 жылдығына арналған футбол турнирі аяқталды

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылай қолдауымен «Мәңгілік Ел Маңғыстау» жеке қорының ұйымдастыруымен Жаңаөзен қаласында өткен футбол турнирі өз мәресіне жетті. Қаланың 55 жылдығына арналған бұл турнир жастар үшін де, бүкіл қалалық қоғамдастық үшін де маңызды оқиға болды. 2023 жылдың 02 тамызынан бастап 9 күн ішінде Жаңаөзен қаласының футбол алаңдарына қаланың әр түрлі аудандары мен жұмыс топтарының жастарынан құралған 16 команда жиналды. Жобаның жалпы Continue reading Жаңаөзен қаласының 55 жылдығына арналған футбол турнирі аяқталды

Читать далее »

Ақтауда БАҚ қызметкерлері өзара сайысқа түсті

Ақтауда БАҚ қызметкерлері күніне орай жігіттер арасында шағын футболдан және қыздар арасында волейболдан жарыс өтті, деп хабарлайды Caspiantoday.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтема жасап. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шағын футболдан небәрі 5 команда бас жүлдеге таласты. Ала доп аламанында «Маңғыстау» арнасы үздік атанып, 100 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы алды. — Бәрі де кәсіби емес әуесқой ойыншылар. Спортты серік еткен журналистер қаламы жүрдек, өздері ширақ, шымыр әрі Continue reading Ақтауда БАҚ қызметкерлері өзара сайысқа түсті

Читать далее »

Маңғыстаулық спортшы қоян-қолтық ұрыстан Әлем чемпионы атанды

Маңғыстаулық спортшы Ұлан Мукашев қоян-қолтық ұрыстан Әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Caspiantoday.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап. Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қоян-қолтық ұрыстан ересектер арасындағы VII әлем чемпионаты өтті. Қазақстан құрамасының атынан 62 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен маңғыстаулық Ұлан Мукашев қоян-қолтық ұрыстан Әлем чемпионы атанса, 67 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен маңғыстаулық Мансур Мимбулатов қола жүлдегер атанды. Ұлан жарыс барысында Continue reading Маңғыстаулық спортшы қоян-қолтық ұрыстан Әлем чемпионы атанды

Читать далее »

Ақтауда стритлифтингтен облыстық ашық чемпионат өтеді

Ақтауда 17 маусым күні «FitnessBlitz» фитнес клубынада «Streetlifting» бойынша Маңғыстау облысының ашық чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Жарыс үш номинация бойынша өтеді: — қосымша салмағы +24 кг ауырлықпен турникке тартылу. ⁃ қосымша салмағы +32 кг ауырлықпен (брусья) белтемірден тартылу. ⁃ қосымша салмағы +9 кг ауырлықпен кеудені жерден көтеру. Ең көп көрсеткішке жеткен қатысушылар жеңеске жетеді. Әр номинацияда үш жүлделі орын бар. Сондай-ақ, көрермендер арасында байқаулар өтеді. Continue reading Ақтауда стритлифтингтен облыстық ашық чемпионат өтеді

Читать далее »

Үстел теннисінен XII жазғы универсиада жеңімпаздары анықталды

Бүгін Ақтау қаласындағы «Теннис» орталығында ерлер мен әйелдер арасындағы үстел теннисінен XII жазғы универсиада жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы Ш.Есенов университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жарысқа еліміздің 16 жоғары оқу орнынан келген 50-ден астам спортшы сынға түсті. Ұлдар арасында команда бойынша Ә.Қуатбеков атындағы «Халықтар достығы» университеті басым түсті. Ал қыздар арасында «Қазақ ұлттық педагогикалық» университеті атынан келген команда топ жарды. Ұлдар арасында: I Continue reading Үстел теннисінен XII жазғы универсиада жеңімпаздары анықталды

Читать далее »

Нұрдәулет Жарылғапов қазақ күресінен Азия чемпионы болды

Қара бура лақап атымен танылған маңғыстаулық спортшы Нұрдәулет Жарылғапов Өзбекстанның Джизақ қаласында өткен қазақ күресінен Азия біріншілігінде қарсыластарынан үздік шығып, чемпион болды, деп хабарлайды caspiantoday.kz сайты mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. Нұрдәулет Жарылғапов +100 келі салмақта бірінші белдесуінде Үнді елінің спортшысын, екінші белдесуінде жапониялық спортшыны, үшінші белдесуде Тәжікстан күресшісін таза жеңіспен ұтқан. Туған жеріне жеңіспен оралған Нұрдәулет Жарылғаповты облыстық спорт басқармасының басшысы Айбек Әсетұлы, облыстық ұлттық ойындар Continue reading Нұрдәулет Жарылғапов қазақ күресінен Азия чемпионы болды

Читать далее »

Ақтаулық мотошерушілер сапарға шықты

Жыл сайын ұйымдастырылатын ұлттық «Менің елім-2023» мотожорық мүшелері Ақтаудан Қазақстанды аралауға сапарға аттанды, деп хабарлайды Caspiantoday.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап. Мотошеру аясында 7 байкер Ақтау-Атырау бағытын бетке алып, одан кейін Орал-Ақтөбе-Шымкент-Алматы-Өскемен-Астана-Көкшетау-Петропавл-Қостанай қалаларына аялдап, әуелгі жоспары бойынша сапарын 15 маусым күні Ақтау қаласында аяқтауды жоспарлап отыр. Өңірлік «Wheels Brothers MC Aqtau» мотоклубының президенті Марат Асановтың айтуынша, мотокеруеннің басты мақсаты — қазақстандықтардың мотоспортқа деген қызығушылығын Continue reading Ақтаулық мотошерушілер сапарға шықты

Читать далее »

Қарақияда қазақ күресінен республикалық турнир өтті

Қарақия ауданының 50 жылдық мерейтойы аясында «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері, жауынгер-интернационалист Сәлімжан Әлиевті еске алуға арналған қазақ күресінен кіші жасөспірімдер арасында VIII республикалық турнир өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Аталған турнирге Қызылорда, Ақтөбе облыстарының және Маңғыстау облысының қала – аудандарынан барлығы 150-ге жуық спортшы қатысты. Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Сымбат Төретаев, Сәлімжанның туған ағасы Амантай Әлиев қатысып, турнирге қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі. Continue reading Қарақияда қазақ күресінен республикалық турнир өтті

Читать далее »

Студенттер арасында үстел теннисінен турнир өтті

Ақтауда «Студенттік көктем — 2023» фестивалі аясында үстел теннисінен турнир өтті, деп хабарлайды Caspiantoday.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап. Турнирге спорттық жарыстардан үздік атанған 4 команда қатысты. Нәтижесінде І орынды Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы жоғары педагогикалық колледжі иелінді. Ал ІІ орынға «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі ие болды. Жүлделі ІІІ орынды «Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжі қанжығаға байлады. Үстел теннисінің өтуіне «SUNQAR» теннис Continue reading Студенттер арасында үстел теннисінен турнир өтті

Читать далее »