Актау, KZ
3°C

Рубрики

2024 жылы кімдердің жалақысы өседі? Еңбекмин жауабы

2024 жылы қай санаттағы жұмысшылардың жалақысын және қаншаға арттыру жоспарланған? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді. Ресми сауалға берілген жауапта, еңбек заңнамасына сәйкес министрлік қызметшілерге еңбекақы төлеуді реттейді. Олардың еңбегіне ақы төлеу жүйесі мемлекеттік органдар мен қазыналық кәсіпорындардың барлық қызметкерлеріне бірдей. «Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында айтылған тапсырмасын орындау Continue reading 2024 жылы кімдердің жалақысы өседі? Еңбекмин жауабы

Читать далее »

Экс-полицейлер қыз зорлады деген күдікке ілінді: ПД пікірі

Қонаевта бұрынғы екі полицей кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікке ілінді. Алматы облыстық полиция департаменті ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы «Немолчи» қоры жазды. «Аноним дереккөз мәліметінше, Қонаевта қызметтегі екі полицей қызмет бабын пайдаланып, 14 жастағы мектеп оқушысымен жыныстық қатынасқа түсіп, оны видеоға түсіріп алған (видеоны қызметкерлердің өздері таратып жүр). Олардың бірі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор, екіншісі ғимарат күзеті бойынша полиция қызметкері екені белгілі. Қазір екеуі Continue reading Экс-полицейлер қыз зорлады деген күдікке ілінді: ПД пікірі

Читать далее »

122 қазақстандық пен отбасы мүшелеріне Мысыр арқылы Газа секторынан шығуға рұқсат етілді

122 қазақстандық пен олардың отбасы мүшелеріне Газа секторынан Мысыр арқылы шығуға рұқсат етіледі, — деп хабарлайды Газа секторының шекара өткелдері мен шекаралары бас басқармасына сілтеме жасап. Газа секторының шекара өткелдері мен шекаралары бас басқармасы бүгін, 14 қарашада Газа секторынан Мысырға қарай Рафах бақылау-өткізу бекетінен өтуге рұқсат етілген шетелдік азаматтардың тізімін жариялады. Тізім бойынша «Қазақстан» бағанында 122 адам бар. Олардың ішінде 65 Қазақстан азаматы, қалғандары Палестина азаматтығын алған Continue reading 122 қазақстандық пен отбасы мүшелеріне Мысыр арқылы Газа секторынан шығуға рұқсат етілді

Читать далее »

Алматыда көшедегі әжетханадан құтқарылған сәби жаңа ата-анасын тапты

2022 жылдың тамызында Алматы полициясы көшедегі әжетханадан құтқарып алған сәби жаңа ата-анасын тапты, — деп хабарлайды Caspiantoday.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы балалар үйі қарайтын Алматы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Жаңа отбасы баланы базадан көріп, бірден алып кеткісі келген. «Әйел балалар үйіне барды, баланы көріп, көзіне жас алды, оны бірден алып кеткісі келді. Отбасы толық, қосылғандарына көп жыл болған, бірақ балалары болмаған. Басқа қаладан келді, Continue reading Алматыда көшедегі әжетханадан құтқарылған сәби жаңа ата-анасын тапты

Читать далее »

Мәскеуде пранк жасағаны үшін сотталған атышулы қазақстандық блогер бостандыққа шықты

Мәскеуде 3,5 жылға сотталған атышулы блогер Айдын Тусупов бостандыққа шықты, — деп хабарлайды Caspiantoday.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Бұл ақпаратты Ақмола облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері растады. «Айдын тусупов 2023 жылғы 14 қыркүйекте Ақмола облысы бойынша ҚАЖД-нің 1-нөмірлі мекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Тұрғылықты жері бойынша Қарағанды қаласына кетті», — деп жауап берді редакцияға ведомство өкілдері. Сонымен қатар, редакцияға Тусуповтың бостандыққа шыққан сәтінің видеосы жіберілген. Continue reading Мәскеуде пранк жасағаны үшін сотталған атышулы қазақстандық блогер бостандыққа шықты

Читать далее »

«Ирина Қайратовна» мобилографының қазасы: ресми себебі расталды

Астананың Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері «Ирина Кайратовна» тобының концерті кезінде мерт болған 21 жастағы мобилографтың өлімінің себебін айтты, — деп хабарлайды Caspiantoday.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Басқарманың баспасөз қызметінің мәліметінше, сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша 21 жастағы мобилографтың өлімінің себебі анықталған. «Өлімнің алдын-ала себебі «жедел геморрагиялық панкреонекроз» токсикологиялық зерттеу нәтижелерімен расталды», — деді басқарма өкілдері. Еске салайық, «Ирина Кайратовна» тобының мобилографы 14 қазан күні Астанадағы концерт кезінде Continue reading «Ирина Қайратовна» мобилографының қазасы: ресми себебі расталды

Читать далее »

Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты

Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты, — деп хабарлайды Caspiantoday.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 2023 жылы 6 қарашада Қайрат Боранбаев бас бостандығынан айыру орнынан босатылды. Бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстырылған Қайрат Боранбаев 2023 жылғы 6 қарашада бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып, тұрғылықты жері бойынша жазасын өтеу орнына жіберілген. Мекеме әкімшілігі сотталушыға тіркеу үшін пробация қызметіне келу бағыты мен уақытын көрсете отырып, Continue reading Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты

Читать далее »

Өзбекстанда бетті жауып тұратын киім үшін айыппұл салынады

Өзбекстанда қоғамдық орындарда бетті жауып тұратын орамал тағатындарға айыппұл салынады, — деп хабарлайды Caspiantoday.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Заңнамадағы тиісті түзетулерге Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев қол қойды. Түзетулерге сәйкес, медициналық диагноз бойынша бетті тұмшалауға, сондай-ақ, жұмысқа және қызметке байланысты киімдерде ғана ерекшелік болуы мүмкін. «Қоғамдық орындарда тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермейтін дәрежеде бетін жауып жүру 3,3 миллионнан 4,95 миллион сумға дейін (126-дан 189 мың теңгеге дейін) айыппұл Continue reading Өзбекстанда бетті жауып тұратын киім үшін айыппұл салынады

Читать далее »

«Жүгір немесе өлесің» ойыны: ІІМ мәлімдеме жасады

ІІМ «Жүгір немесе өлесің» ойыны туралы таралған ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Әлеуметтік желілерде «Жүгір немесе өлесің» сияқты жасөспірімдердің қауіпті ойындары туралы бейнежазбалар таратылып жатыр. «Бүгінгі күні біздің елімізде мұндай деректер тіркелген жоқ», — делінген хабарламада. Жалпы биылғы 9 айда елімізде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 2,5 мыңнан аса жол-көлік оқиғасы болып, онда 200-ден аса бала қаза тауып, 3 мыңға жуық бала жарақат алған. Continue reading «Жүгір немесе өлесің» ойыны: ІІМ мәлімдеме жасады

Читать далее »

Ақтауда заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешені бұзылды

Тексеру нәтижелері тұрғын үй кешені жұмыс жобасынсыз және сараптаманың оң қорытындысын алмай салынғанын көрсетті. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы осы құрылысты заңсыз деп тану туралы талапты қанағаттандырған сотқа жүгінді, деп хабарлайды Caspiantoday.kz сайты Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап. Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының ақпараты бойынша,құрылысқа қажетті рұқсатнама құжаттарынсыз және жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталмай жүргізілген. Бұл «Қазақстан Республикасындағы сәулет қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Continue reading Ақтауда заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешені бұзылды

Читать далее »