Актау, KZ
26°C

Астаналықтар Маңғыстау театрын жылы қабылдады

Рубрики

7 қараша күні елорда тұрғындарына арнап Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театры «Құбылу» спектаклін сахналады.

Франц Кафканың «Құбылу» әңгімесі желісімен қойылған белгілі драматург Ермек Аманшаевтың бұл спектаклі трансформацияға ұшыраған адамның өмірі жайында

Қойылымға келген адамдардың көптігінен іште ине шаншар орын болмады.

Астаналық актерлер де Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театры ұжымының өнерін жоғары бағалады.

Өте жақсы көретін театрларымының бірі — Н. Жантөрин атындағы музыкалық драма театры. Қойылымдарын қызыға қараймыз, ылғи іздейміз. Өйткені бұл кісілердің шығармашылығы жаңашылдыққа толы. Режиссерлық, актерлық жағынан да тың дүниелер шығарады. Бүгінгі қойылым соның бір белесі, меніңше халыққа жақсы әсер берді. Өзінше бір айтар ойы, жеткізер үні бар. Көрермендер де ерекше әсерде шықты деп ойлаймын, — дейді актер Дәурен Серғазин.

Еске салайық, маңғыстаулық театрдың кезекті қойылымы 9 қараша күні сағат 18:30-да М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында болады. Театр ұжымы М. Әуезовтың «Қорғансыздың күні» шығармасын сахналайды.

Facebook
Twitter
Telegram
WhatsApp

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.