Ақтауда жас ақындар айтысы өтті

Рубрики

Ақтауда Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Отан — оттан да ыстық» атты жас ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды Caspiantoday.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Жас ақындардың бәйгесінде облыстың түпкір-түпкірінен келген 8 ақын бақ сынасты. Дүбірлі додада «Жыр жебе» ақындар мектебінің директоры Фархад Мұсаев, Маңғыстау облысының ақындары Жандос Демесін, Еділ Бекмұратов төрелік етті.

Отан туралы толғамды ойларымен бөліскен жас ақындар өзара сайысқа түсті.

Нәтижесінде Бейнеу ауданының жас ақыны Нұрсұлтан Оңғарбаев жүлделі 1-орынды қанжығаға байлады. 2-орынды ақтаулық Ердәулет Сардар еншілесе, 3-орынды Бейбіт Байжігіт алды.

Шара соңында Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының басшысы Мұқаш Оралбай мен «Жыр жебе» ақындар мектебінің директоры Фархад Мұсаев сөз сөйлеп, жас ақындарды құттықтап, алғыс хат табыстады.

Facebook
Twitter
Telegram
WhatsApp

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *