29 наурызда Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Тұрар Әліпбаевтың шығармашылық кеші өтті, — деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Сержан Шакрат, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты.
Шығармашылық кештің шымылдығы Түркештің «Көңілашар» күйімен ашылды.
Күй кешінде Құрманғазы Сағырбайұлы, Абыл Тарақұлы, Дина Нұрпейісова, Қазанғап Тілепбергенұлы, Махамбет Өтемісұлынан жеткен танымал күйлер орындалды. Сондай-ақ Тұрар Әліпбаев өз шығармашылығынан «Сатай баба», «Әбіш таған», «Бәйге» күйлерін тартты.





