Актау, KZ
15°C

Ақтауда Н. Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының мерейтойы аталып өтті

Рубрики

Ақтауда Н. Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының 20 жылдығына арналған мерекелік кеш өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шараға елімізге белгілі мәдениет өкілдері, соның ішінде қазақ кино және театрының көрнекті қайраткері Асанәлі Әшімов, театр сыншысы Еркін Жуасбек, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Азамат Сатыбалды мен аталған оқу орынының профессоры — Анар Еркебай, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әубәкір Рахимов және басқа да қонақтар қатысты.

Мерейтойға орай Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының әртістері арнайы қойылым көрсетті, одан соң шара коцерттік бағдарламамен жалғасты.

-Баршаңызды театрдың 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл өте үлкен мереке. Осы қуанышпен бөлісуге еліміздің әр өңірінен құрметті қонақтар келіп отыр, солардың бірі Асанәлі Әшімов. Біздің бірнеше ұрпақ оның фильмдерін көріп өсті. Бүгінде актер өнер саласындағы бастамаларды әрқашан қолдап, насихаттап жүреді, жастарға тәлімгерлік етеді. Ұлы актердің Ақтауға сапары, сондай-ақ басқа да еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлерінің мерейтойға қатысуы Н.Жантөрин атындағы театрдың 20 жыл ішінде ел үшін қаншалықты маңызды рөл ойнағанын анық көрсетеді. Театр ұжымына еңбектері үшін маңғыстаулықтардың атынан үлкен ризашылығымды білдіремін, — деді Нұрлан Ноғаев.

Еске сала кетейік, Қазақ КСР Халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің есімімен аталған республикадағы ең жас музыкалық-драма театры өз жұмысын 2003 жылы бастаған болатын. Құрылған кезде театр құрамы небәрі 30 жас маманнан тұрды. Олар Т. Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер академиясының түлектері еді. Осы жылдар ішінде театр көрермендердің сүйіспеншілігіне ие, елдегі жетекші театрдың біріне айналып, Халықаралық фестивальдарда Қазақстанның атынан табысты өнер көрсетіп үлгерді.

Facebook
Twitter
Telegram
WhatsApp

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.