Ақтауда №3 автобустың жүру бағытына өзгерістер енгізілді. Яғни автобус тоқтайтын аялдамалар қосылып, жүру бағыты ұзартылды, — деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұрын аталған маршруттың соңғы аялдамасы 1-шағын аудандағы облыстық тіс емханасы болатын. Енді маршрут «Ақжелкен»(Приморский) тұрғын үй массивіндегі №2018 әскери бөлімшесіне дейін ұзартылды. Яғни 1-шағын аудандағы облыстық тіс емханасынан кейін, тағы бес аялдама қосылды.
-№3 маршрут бағытының ұзаруына байланысты қосымша екі автобус қосылды. Негізгі мақсат — жолаушыларға қолайлы жағдай жасау. Маршрут бағыты ұзарғанмен, автобус аралығындағы қашықтық(интервал) бұрынғы қалпында сақталады, — деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Нұрмұхан.