Актау, KZ
-2°C

Ақтөбедегі мектепте оқушы қайтыс болды

Рубрики

Ақтөбедегі мектептердің бірінде 13 жастағы оқушы қайтыс болды, — деп хабарлайды Caspiantoday.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға №27 білім беру мекемесінде болған. Жетінші сынып оқушысы партаның бұрышына соғылып, құлап алған.

«Сұмдық жағдай. Қызым бұл үшінші қабатта болғанын айтты. Ол сыныпқа жүгіріп кіріп, табалдырыққа шалынып, үстелдің не партаның бұрышына тамағымен соғылған», — деді мектеп оқушыларының бірінің анасы.

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты ақпаратты растады.

«13 жастағы бала мектепте құлап, үстелдің бұрышына соғылған. Клиникалық өлім жағдайында жеткізілді. Тексеру кезінде пульсация болмады, қан қысымы анықталмады, ес-түссіз болды. Иек аймағында жарақат болды. Дереу реанимация жасалды. Сағат 11:25-те қайтыс болды», — деді Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Facebook
Twitter
Telegram
WhatsApp

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.