Актау, KZ
3°C

Қаржы пирамидасын ұйымдастырған маңғыстаулық азамат елге қайтарылды

Рубрики

Oceans Enterprise қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың бірі Қазақстанға қайтарылды.

«ҚР ІІМ Интерпол ҰҚО-ның сұрау салуы бойынша Түркия Республикасының аумағында Маңғыстау облысының полиция департаменті тұтқындау және экстрадициялау мақсатында халықаралық іздестіруге жариялаған 32 жастағы қазақстандық анықталып, ұсталды», – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол облыс тұрғындарын қаржы пирамидасына тартқаны үшін іздестірілген және Oceans Enterprise компаниясының атынан әрекет ететін алаяқтық топтың ұйымдастырушыларының бірі болған.

«Алаяқтар әлеуметтік желілерде салымшыларды тарту үшін Smart Trade Сoin деп аталатын криптовалютаны сатып алу арқылы жылдам ақша табу мүмкіндігі туралы ақпаратты таратумен айналысты. Соталды тергеу барысында 60-тан астам жәбірленушіден өтініш түсті. Алданған азаматтарға келтірілген шығын көлемі – 212 миллион теңге», — делінген хабарламада.

Қазақстанның Түркиядағы елшілігімен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, ол Астана қаласында жеткізіліп, қамауға алынды.

Facebook
Twitter
Telegram
WhatsApp

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.