Қарағанды облысында төтенше жағдай жарияланады.
Қарағанды облысының құтқарушылары өткен демалыс күндері өңірде байқалған қолайсыз ауа райы салдарын жоюды жалғастырып жатыр. Ол кезде дауыл соққан болатын. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Ермағанбет Бөлекпаев қала және аудан әкімдеріне апаттан зардап шеккен нысандарды тез арада қалпына келтіруді, төтенше жағдай жариялап, барлығын заң аясында жасауды тапсырды», — деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
18 қарашада Қарағанды облысы ТЖД мәліметтері бойынша, облыс аумағында желдің секундына 25 метрге дейін күшеюі нәтижесінде сегіз әкімшілік ғимарат, бір көппәтерлі тұрғын үй және бір жеке тұрғын үйден ішінара шатырдың ұшуы және бүлінуі тіркелген.
Облыстың бірнеше ауданында электр жарығы жартылай үзілді. Облыс орталығында ағаштардың құлауы туралы 50-ге жуық, Теміртау қаласында 20-ға жуық хабарлама болса, оның төртеуі ағаштардың көліктердің үстіне құлау дерегі.