Актау, KZ
26°C

«Құрық-Жетібай» жолын күрделі жөндеу күзде аяқталады

Рубрики

Республикалық маңызға ие, жалпы ұзындығы 64 шақырымдық автомобиль жолын күрделі жөндеуді 2024 жылдың үшінші тоқсанында аяқтау көзделіп отыр. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Маңғыстау филиалының директоры Қазыбек Мәмбетов айтты, деп хабарлайды Caspiantoday.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Спикердің айтуынша, аталған жолды күрделі жөндеу 2021 жылы басталды. Бүгінгі таңда жол учаскесінің үстіңгі негіз қабатын төсеу толық аяқталып тұр. Қазіргі кезде ірі түйіршікті асфальт-бетонды қоспа жабындысынан жолдың төменгі қабатын төсеу, демалыс алаңдары мен жол жиектерін орнату, сондай-ақ құм базасы мен жол өтпесінің құрылысы жүріп жатыр.

— «Құрық-Жетібай» жолын күрделі жөндеу оның көліктік-пайдалану көрсеткіштерін жақсартады. Мәселен, бір оське (білік) түсетін максимальды салмақ мөлшері 8 тоннадан 13 тоннаға дейін артады. Транзиттік жүк ағыны көбейіп, жолға кететін уақыт азаяды. Көлік жүргізушілері мен жолаушылары үшін жайлы әрі қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етеді. Күрделі жөндеу кезінде жаңа обьектілер салынады. Олар автомобиль жолы мен оған іргелес орналасқан елдімекендерде инфрақұрылымды жақсартуға мүмкіндік береді» — деді Қ.Мәмбетов.

Жаңа обьектілер дегеніміз — Құрық ауылының іргесімен транзит жүк тасымалдаушы көліктерге арналған айналма жол салынуда. Сондай-ақ автомобиль және теміржол қозғалысын бөлуге мүмкіндік беретін және қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ететін теміржол өткелі болады. Бұл өткел жол жарығымен жабдықталады.
Жолға жақын аумақта салынатын құм базасы жол жағдайындағы өзгерістерді жедел түзетуге мүмкіндік береді.

База әкімшілік, тұрмыстық және қойма бөлмелерімен қамтылады.

— Сондай-ақ, жолдың 58-ші және 63-ші шақырымында реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі салынады. Жаяу жүргіншілер өткелдері бағдаршам, көше жарығы, қоршаулар және баспалдақ жолдарымен жабдықталады,-деді спикер.

Сонымен қатар, «Құрық-Жетібай» жолын күрделі жөндеу аясында Мұнайшы ауылы іргесінде 96 дана көше шамы, қоғамдық көліктерге арналған төрт аялдама, екі демалыс алаңы орнатылып, мал айдап өту үшін үш орын белгіленген.

Facebook
Twitter
Telegram
WhatsApp

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.