Актау, KZ
26°C

Құрық ауылында автожол құрылысы басталды

Рубрики

Қарақия ауданының орталығы Құрық ауылының көшелеріне автожол салу жобасына республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды, деп хабарлайды caspiantoday.kz сайты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба аясында Қазақ ауыл, Сәлімжан Әлиев, Сырым Датұлы көшелері мен 5-шағынаудан қамтылады.

Aуылішілік автомобиль жолының ұзындығы 5.4 шақырымды құрайды. Құрылыс жұмыстарын биыл қазан айына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

— Құрықта ауылішілік автомобиль жолдарының құрылысы басталып жатыр. Конкурс нәтижесінде мердігер мекеме «СФ — Ынта» ЖШС-і жеңімпаз деп танылды. Бүгінде 1.5 шақырым жолдың негізі жасалды. Жұмыстар өз деңгейінде кезең-кезеңімен жүргізілуде, – дейді Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Еркінбек Қадыров.

Айта кетейік, қаржылай қолдау табылса, биыл аудан бойынша 21.2 шақырым жаңадан автомобиль жолы салынып, 21.9 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді деп жоспарлануда.

Facebook
Twitter
Telegram
WhatsApp

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.