Актау, KZ
3°C

Маңғыстауда дәстүрлі ән, жыр жанрының дамуы талқыланды

Рубрики

7 қаңтарда Қ.Сыдиықов атындағы облыстық кітапханада аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев жергілікті дәстүрлі ән, жыр орындаушыларымен кездесті, — деп хабарлайды Caspiantoday.kz сайты Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Жиын барысында дәстүрлі өнер өкілдері «Жеті қайқы, бес жүйрік» тұжырымдамасы аясындағы жұмыстарымен бөлісті. Сонымен қатар қатысушылар дәстүрлі ән, жыр жанрын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Үлкен концерттер ұйымдастыру, музыка мектебін ашу, дәстүрлі ән, жыр жанрынан сабақ беретін ұстаздарға қолдау көрсету, өнер колледжінің жаңа ғиматарын салу туралы ұсыныстарын айтылды.

– Бүгінде қазақтың ұлттық салт-дәстүрін айқындайтын дәстүрлі ән өнері қайта жаңғыруда. Күй, термелер Отанға деген сүйіспеншілік, бейбітшілік, бірлік сияқты әрбір адамға қажетті құндылықтарға тәрбиелейді. Халық әнінің жанры жастар арасында да танымал. Маңғыстау ақын-жырауларының, күйші-сазгерлерінің шығармалары мен мақам-саздарын жинақтап, көптеген ескі әуендерді жаңғыртып келесіздер. Өлкеміздің мәдени мұрасын насихаттау мақсатында облыс атынан халықаралық фестивальдер мен мәдениет күндерінде сан рет өнер көрсеттіңіздер. Облыс көлеміндегі байқаулар мен концерттік бағдарламаларды ұйымдастыру жұмыстарына белсенді атсалыстыңыздар. Бұл жанр халқымыздың бүкіл мәдени сұлулығын, тарихын жеткізеді, – деді Нұрлан Ноғаев.

Facebook
Twitter
Telegram
WhatsApp

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.